Балалар арасында жарақаттанудың алдын – алу мақсатында 2017 жылғы 03-13 мамыр аралығында  « Жарақатқа жол жоқ , балаға қауіпсіз орта » ұранымен акция .


Акция кезінде 5 жасқа дейінгі балалары бар үйлерге барып және одан әрі үнемі патронаждық қарау кезінде аймақтық дәрігерлер мен медбикелер , әлеуметтік қызметкерлер , психологтар келесі  іс-шараларды орындауда:

 

  • Ведосмтвоаралық  мекемелермен балалар арасындағы жарақаттың алдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізу
  • Аула ішінде жарақатқа қауіпті заттар мен орталарды (құдық,септик,шұңқыр) анықтау , жоюды ұйымдастыру және ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу
  • Ата – аналардың үй тұрмыстық жағдайын тексер (барлық бөлмелерден химиялық заттардың,дәрі дәрмектердің орналасуын)
  • Үй ішіндегі қолайсыз орналасқан заттарды және бала үстіне құлау қаупі бар ауыр заттарды анықтау ,оларды сол жерде алып тастату
  • Бала жұтып қою , денесіне жарақат келтіру қауіпі бар заттарды баланың қол жетімсіз жерге орналастырту (ине,ілгек,тиын,түйреуіш,шеге т.б ұсақ заттар,пышақ,қайшы,балға ,балта т.б)
  • Аналарға 1 жасқа дейінгі балаларды дұрыс тамақтандыру бойынша кеңес беру
  •  
  • Ерте жастағы балалардың ,әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар арасында биіктен құлау қаупін туғызатын ортаны үнемі тексеру (терезелер,балкондар,баспалдақтар) ата-аналарды ақпараттандыру арқылы алдын алу жұмыстарын күшейту
  • Электр жарақатының алдын алу жұмыстарын жүргізу (ашық электрлік сымдарды,төмен орналасқан розеткаларды жабу ,электр құрылғыларды баланың қолға жетімсіз жерге қою,телефон қуаттандырғышын тоққа қосулы күйде қалдырмау)
  • Автотравманың алдын алу мақсатында ата-аналарға баланың жолда жүру ережелерін үйрету насихаттау